Алматыда салықтан жалтаруға көмектесетін ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері құрықталды

Алматыда салықтан жалтаруға көмектесетін ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері құрықталды.


           Олар мемлекетке 2 млрд теңгеден астам шығын келтірген, деп хабарлайды Экономикалық және жемқорлық қылмысқа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) баспасөз қызметінен.
           Ведомство мәліметінше, топ мүшелері 2009-2011 жылдар аралығында қомақты мөлшерде салық төлемеуге көмектесетін бірнеше жалған кәсіпорын құрған.
           Қазір топ жетекшісі мен оның сыбайласы қамауға алынып, қалған бес мүшесі ешқайда шықпау туралы қолхат берді, делінген хабарламада.