Алматыда сән апталығы басталды

Жаңа сән үлгілерін жібермейтін талғампаз жандардың назарына бұл жолы биылғы жылдың күз-қыс мезгілдеріне арналған топтамалар ұсынылды. Мұнда әдеттегідей, әйелдердің әдемі көйлегінен бастап, түрлі үлгідегі сырт киімдер де бар. Қой жылында көгілдір және сүт түсті киімдер сәнге айналмақ. Сондай-ақ, Алматы мен Астананың суреті бейнеленген шүберектер отандық брендке айналуы мүмкін. Бір аптаға созылатын шарада «шоу-рум» жұмыс істеп тұр.  Әдемі әрі ыңғайлы киім үлгілерін таңдап алуға  мүмкіндігіңіз зор. Ал 24 сәуірде Сән апталығы Астанада ашылады. 

Loading...