Алматыда саудагерлер базар басшысының кабинетіне басып кірді

Владимир Роготовский «Кенжехан» базарындағы көлік аксессуарларын саудалап келген кәсіпкердің бірі. Бірақ апта басында еркінен тыс бутигі қиратылып, саудасы тоқтап қалған.      

Владимир Роготовский, саудегер:

-Мына бутикті 15 мың долларға сатып алып едім. Енді, міне, базар қожайыны «қызыл жолақтасыңдар» деп босатуды талап етуде. 8 жыл бұрын қайда қарап жүрді, ескертпей? Қиратты ма, енді өздері орын берсің! Тегін!

Іштен ақысыз орының берілуін талап етіп, мұнда тағы 30-дан астам саудагер жүр. Барлығы да қызыл жолаққа енгенін енді естігендер. Егер өтемақы берілмесе, орындарын бір де бірі оңайлықпен босатпақ емес.

Анатолий Баделин, саудегер:

- Кеудемізді тоссақ та, қиратуға жол бермейміз! Заңды құжат көресетсің, тегін іштен орын берсің. Неге мен бір базардан екі мәрте орын сатып алуым керек?! Ана ұсынған жерлеріндегі контейнерлердің құны 3 мың деп ышқынып тұрса. 

Осы сауалмен жиналғандар базар әкімшілігінің кеңсесіне басып кірді. Бірақ қожайын «сүруге бұйрық берген қалалық әкімдік» деп азар да безер.


Амантай Мамырбеков, «Кенжехан» базарының директоры:

- Мынандай жағдай, жолдың бойынан 50 метр жердегі қызыл жолақты әкімшілік босатсын деген тапсырма бар. Сол бойынша, 2 жыл тұрдық. Бірақ биыл адыңдар деп 1-ші сәуірге дейін уақыт берді.

Осылай деген директор, бутиктен өзге жүзге жуық контейнер мен базар маңындағы көлік жөндеу орталықтарының да жаппай сүрілетінін айтуда. «Және қанша жерден шу шығарса да, өтемақы мәселесі шешілмейді» деп салды. Ал іштегі ұсынылған жерге контейнер сатып алып, саудасын жалғастыруды саудагерлердің қалауына қалдырмақ.   

-Сонымен, базар басшылығы 1-ші сәуірге дейін орынды босатуға уақыт бекітіп отыр. Бірақ қандайда бір өтемақы төленбей кәсіпкерлер «кетпейміз» дейді. Қажет болса, тіпті Есімовтің алдына барып,  ереуіл ұйымдастырмақ.