Алматыда сазгер Дүйсенхан Сыздықовтың ән кеші өтіп жатыр

Шымкент қаласындағы музыкалық учи­лищені үрлемелі аспаптар оркес­трінің жетекшісі мамандығы бо­йынша бітірген ол 1980 жылдардан бастап ән жаза бастады. Оның «Бір күні», «Сен мұңайма» деген әндері Мақпал Жүнісованың, «Туған ел», «Менің әнім», «Мен сондаймын» әндері Роза Рымбаеваның репертуарынан берік орын алған.

Д. Сыздықовтың 1997 жылы М.Сақатовтың өлеңіне жазылған «Жастық жігер» атты әні Қазақстан жастар одағының әнұраны болып қабылданды. Ал 2011 жылығ 7-қысқы Азия ойындарының әнұранына ұсынылған «Азияда алауы» әні үздік ондықтың қатарына енді. Дүйсенхан сондай-ақ «Дү­кенбай жолы», «Философ Нысанбаев», «Мұнай тамшысындағы тағ­дыр», «Қазағымның Қаһарманы Бауыр­жан» атты деректі фильм­дердің музыкасын жазған сазгер. Оның бұл кешіне Мақпал мен Розадан басқа Тұңғышбай Жаманқұлов, Майра Ілиясова, Жеңіс Ысқақова, Өмірқұл Айниязов сияқты көптеген өнер жұлдыздары қатысуда.