Алматыда сел тасқынынан зардап шеккен орта мектеп 80 пайызға қалпына келтірілді


Бұл туралы бүгін аталмыш оқу орнының директоры Сәуле Әділбекқызы айтты. 

«Сел барысында мектеп аумағының 90 пайызы лай көшкінінің астында қалған болатын. Бүгінгі таңда мектеп аумағының 80 пайызы толығымен қалпына келтірілді. 25 тамызға қарай қалпына келтіру жұмыстары толығымен аяқталады», - деді мектеп директоры. 
Биылғы оқу жылында аталмыш білім шаңырағы 930 оқушыны қабылдайды. Мектеп жаңа парталармен, компьютерлермен және оқулықтармен қамтамасыз етілді. 20 тамыздан бастап оқушыларға оқулықтар таратыла бастайды. 
Білім ордасының басшысының айтуынша, 1 қыркүйек алдында мектеп жаңа оқу жылына толығымен дайын болады. 
Айта кетелік, бүгін қала әкімі Бауыржан Байбек сел тасқынынан зардап шеккен Наурызбай ауданын аралап, тұрғындармен кездеседі.