ҰҚК-нің Алматы қалалық департаменті өткізген оқу-жаттығулардың мақсаты антитеррорлық шараларды тәжірибе жүзінде пысықтауға саяды.
ҰҚК-нің Алматы қалалық департаменті төрағасының бірінші орынбасары, полковник Асқар Әшімовтың атап көрсетуінше, "бүгінгі операцияның басты мақсаты - барлық билік органдары мен басқару ықпалдастығын қамтамасыз ету" болып табылады. Ол : "біз лаңкестермен келіссөздер жүргізудің айқын дәйектелген әдістемесіне иеміз, біздің мамандар психология саласындағы әдістерді толық меңгерген, олар Ресей мен Батыста дәріс алған", - деді.
Шара барысында шартты кепілдікке алынған 30 адам босатылып, атауы ойдан шығарылған "Моджахеды истинной веры" атты лаңкестік топтың 15 мүшесі қолға түсті.
А. Әшімовтың айтуынша, оқу-жаттығулар нақты жағдайға мейлінше жақындатылып, шартты кепілдікке алынған адамдар ретінде тартылған барлық студенттер шара жөнінде хабардар етілген жоқ.
"Семсер - 2007" антитеррорлық оқу-жаттығуларына ҰҚК мен ІІМ бөлімшелерінен, дәрігерлер мен өрт сөндірушілер қатарынан 1 500 адам тартылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті