Сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, А.Бижанов 34 сайлаушының дауысын жинады.
Депутаттықтан екінші үміткер, Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ оқытушысы Маран Тақабаев 1 сайлаушының дауысын жинады.
Сайлауға қатысқан үшінші үміткер- "Алматыэкологострой" КК бас директоры Әбдіғани Атымтаев үшін бірде-бір сайлаушы дауыс берген жоқ.
Жалпы алғанда Алматы қалалық мәслихатында 36 депутат бар.
Сайлау комиссиясының хабарлауынша, сенат депутаттарының сайлауы барысында 1 бюллетень жарамсыз деп танылды.