Оған еліміздің әр аймағынан 1997 жылғыларға дейінгілерден жасақталған «Біздің компаниямыз» (Астана), «Шахтер» (Қарағанды), СДЮШОР № 2 (Алматы), ДЮСШ (Қаратау), «ЦЕСНА-97» (Алматы) және «Жетісу» (Талдықорған) командалары қатысуда. Кеше басталған ойындар «Цесна» стадионында өтуде.
Сергей Квочкин алматылық «Қайрат» пен өскемендік «Восток» командаларының құрамында өнер көрсеткен еді. КСРО жоғарғы лигасында 232 ойын өткізіп, 61 голдың иегері атанды. Сондай-ақ, ол 1962 жылы КСРО құрамасы сапында Латын Америкасы турнесіне аттанған болатын. Сол жолы әйгілі «Маракана» стадионында Бразилия қақпасына жеңіс добын соққан еді.
Жарыс 8 қарашаға дейін жалғасады.