Кеше ақтық сында алматылық «ЦЕСНА-97» және талдықорғандық «Жетісу» командалары кездесіп, ойын алматылықтар пайдасына шешілді. Сөйтіп, жалпы кестеде бірінші орында - «ЦЕСНА-97» (Алматы), екінші орында - «Жетісу» (Талдықорған), ал үшінші орынға қарағандылық «Шахтер» командасы табан тіреді. Онан кейінгі орындарға ДЮСШ (Қаратау), «Біздің компаниямыз» (Астана) және СДЮШОР № 2 (Алматы) командалары жайғасты. Ойындар «Цесна» стадионында өтті.
Ал барлық ойындар қорытындысы бойынша, «Үздік қақпашы» болып Подымский Данил (ЦЕСНА-97) танылса, «Үздік қорғаушы» - Ешібаев Нәуірбек (СДЮШОР №2), «Үздік жартылай қорғаушы» - Онанасюк Владислав (Шахтер), «Үздік шабуылшы» - Айбар Жаксылық (Жетісу) және «Үздік бомбардир» - Рашид Люхай (ЦЕСНА-97) болды. Рашидтің еншісінде - 5 доп.
Сергей Квочкин алматылық «Қайрат» пен өскемендік «Восток» командаларының құрамында өнер көрсеткен еді. КСРО жоғарғы лигасында 232 ойын өткізіп, 61 голдың иегері атанды. Сондай-ақ, ол 1962 жылы КСРО құрамасы сапында Латын Америкасы турнесіне аттанған болатын. Сол жолы әйгілі «Маракана» стадионында Бразилия қақпасына жеңіс добын соққан еді. Марқұм осыдан 3 жыл бұрын 69 жасында дүние салды.