Алматыда шағын футболдан “Сат” компаниясының кубогы үшін бұқаралық ақпарат құралдары арасында турнир өтті


"Алматы" мен "Хабар" телеарналарының аяқдопшылары кездесті. Қарсыластар қақпасынан ойынның ақырғы минуттарында ғана саңылау тапқан хабарлықтар биыл тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған аталмыш турнирдің жеңімпазы атанды. Ал үшінші орынды "СТВ" телеарнасын 2:0 есебімен ұтқан "Алматы-спорт" командасы иеленді.