Алматыда шағын футболдан УЕФА 2010/2011 кубогының элиталық раунды өтеді


Оған С тобында өнер көрсететін Қазақстанның "Қайрат", Польшаның "Академия", Грузияның "Иберия-Стар", және Словакияның "Слов-Матик" командалары қатысады. Жоао Карлос Барбоза жаттықтыратын алматылықтар алғашқы ойынында Польша чемпионатының жеңімпазымен кездеседі. Одан кейін Словакия мен Грузия чемпиондарымен ойнайды. "Қайраттықтар" рейтингтік көрсеткішіне байланысты бұл додаға бірден жолдама алған еді. Жалпы элиталық раундтың жеребе тарту рәсімі 12 қазанда ұйымдастырылған болатын. Алматылықтар өз тобында үздік шықса 10-28 қараша күндері өтетін элиталық раундтағы А (Португалияның «Бенфика», Сербияның «Экономац», Украинаның «Тайм», Хорватияның «Национал» (Хорватия), В (Ресейдің «ВИЗ-Синара», Әзірбайжанның «Араз», Италияның Монтесильвано», Кипрдің «АГБУ-Арарат»); Д (Испанияның «Мурсия», Португалияның «Спортинг», Чехияның «Хрудим», Румынияның «Тыргу-Муреш») тобтарының жеңімпаздарымен 2001 жылдың сәуір айында «Төрттіктің финалында» кездеседі. Олар бұған дейін 2008/2009 жылғы УЕФА кубогында қола жүлдегер атанған болатын. Қазақстан чемпионы 3-орын үшін 26 сәуірде Екатеринборда өткен сайыста Мәскеудің "Динамосынан" 1:0 есебімен басым түсті.