Алматыда шайбалы хоккейден сынақтық жарыс өтеді

Бұған дейін мұндай сынақтық жарыстар "Медеу" мұз айдыны мен Халықаралық шаңғымен тұғырдан секіру кешенінде өткен болатын. Атап айтқанда, «Медеу» мұз айдынында допты хоккейден, ал Халықаралық шаңғымен тұғырдан секіру кешенінде Құрлықаралық кубок жарыстары ұйымдастырылды.

Жалпы 2011 жылы 30 қаңтар мен 6 ақпан аралығында өтетін VII қысқы Азия ойындары қарсаңында Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы, «Медеу» мұз айдыны, «Шымбұлақ» тау шаңғысы кешені, сондай-ақ Астанадағы «Қазақстан» спорт сарайына күрделі жөндеу жұмыстары жасалды. Сондай-ақ Алматыда биіктігі 90 және 120 метрлік шаңғымен тұғырдан секіретін кешен, Алматы облысының аумағында биатлон мен шаңғы стадиондары салынды.