Жыл сайын өткізілетін бұл шара Қазақстан кинематографиясындағы биік тұлға - актер әрі режиссер Шәкен Аймановтың есіміне негізделіп отыр
Кинофестиваль Қазақстандағы маңызды және ерекше мәдени шаралардың бірі болып табылады. Осымен оныншы рет өтетін кинофестиваль көрермендер назарына жаңа киноларды ұсынады. Бұл шара 30 мамыр мен 3 маусым аралығында өтеді. Фестивальдің мақсаты - отандық жас кинематографистерді қолдау және олардың кәсіби жоғарылауына жағдай жасау.
Биыл іріктеу комиссиясына 36 мемлекеттен 800 өтінім келіп түсті. Олардың ішінен конкурсқа қатысу үшін 53 фильм іріктелінді. Бұл туындылар «Дебют», «Жастар киносы», «Студенттік кино», «Анимация» атылымдары бойынша жіктелді.
Фестивальді Алматы әкімдігі, «Шәкен Жұлдыздары» продюсерлік орталығы, сондай-ақ 2012 жылдан бастап «Cinema Towers» ресми фестивальдік орталығы ұйымдастырып отыр.