Алматыда Шахматшылар одағы президентінің Кубогына арналған турнирдің жеңімпаздары анықталды

Естеріңізге сала кетсек, турнирге еліміздің әр өңірінен, сондай-ақ жақын шет елдерден 60-тан аса шахматшылар қатысты. Оның арасында Евгений Владимиров, Павел Коцур, Ринат Жұмабаев, Әнуар Исмағамбетов, Нұрлан Ибраев, Петр Костенко, Рустам Хуснутдинов, Мұртас Қажығалиев сынды халықаралық гроссмейстерлер, Өзбекстан елінің шахматшысы Антон Филиппов және ресейлік қонақ Наум Рашковский болды. Жарыстың жалпы жүлде қоры 1 жарым миллион теңгені құрайды.

Үш күн бойы швейцариялық жүйе тәртібімен тартысты өткен ойынның нәтижесінде 1-орынды 8 ұпаймен павлодарлық Ринат Жұмабаев жеңіп алды. 2-ші орынды 7,5 ұпаймен алматылық Евгений Владимиров иеленді. Ал, 3-орын павлодарлық Павел Коцурға бұйырды. Оның турнир кестесіндегі ұпайы 7 балл болды.