Алматыда шаңғымен тұғырдан секіруден қысқы Континентальдық Кубогы өтіп жатыр

Спорт сайысына әлемнің 12 елі, атап айтқанда Норвегия, Германия, Австрия, Словения, Чехия, Польша, Швеция, Финляндия, Болгария, Украина, Ресей және өз еліміздің шаңғышылары қатысуда.

Континентальдық Кубок -халықаралық сериясының «А» категориялы жарыс түрі болып табылады. Бір маусымда 15 кезеңі өткізіледі. Алматы қаласы жарыстың 2-ші кезеңін қабылдауда. Континентальдық Кубок Олимпиада ойындарына, Әлем чемпионатына, сондай-ақ, Әлем кубогіне лицензия алу үшін ұпай жинауға мүмкіндік береді.