Алматыда Шара Жиенқұлованың 100 жылдығына арналған кеш өтеді

Оған елдің ең үздік би ұжымдары: Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі, «Қазына» би ансамблі (Шымкент), Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының «Алтынай» халық би ансамблі, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің және Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің ансамбльдері қатысады.

Ш. Жиенқұлованың мерейтойы аясында оның шәкірттерін - хореографиялық училище халық би бөлімінің алғашқы түлектерін марапаттау өтеді.

Шара Жиенқұлова (1912-1991) - қазақ кеңес бишісі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының жүлдегері. Шара Жиенқұлованы халық арасында «Би еркесі, би падишасы, би құдыреті» деп атап кеткен.