Алматыда шариғат талаптарына сай қонақ үй пайда болды

Шариғат талаптарына сай әлемдік стандарттарға толық жауап бере алатын қонақ үйге сертификатты “Халал өнімдерін стандарттау” бөлімі меңгерушісінің орынбасары Ануар Ізімбайұлы табыстады, деп хабарлайды muslim.kz.

Қонақ үй халал асхана, намазхана, әр бөлмеде Құран және жайнамазбен жабдықталған. Спирттік ішімдіктер ішуге, алып келуге қатаң тыйым салынған. Сонымен қатар, қонақ үй аз уақытқа жалға берілмейді және ер азамат пен әйел азаматтың құжаттары талап етіледі.


Мекен-жайы Алматы қаласы, Айнабұлақ-3 ықшамауданы, Жұмабаев пен Палладина көшелерінің қиылысында орналасқан.