Мұнда көздің жауын алатын шардан жасалған түрлі мүсіндер қойылған. Барлығы қатысушылардың өздері жасапты. Біреуінің өзін 6 адам, бар-жоғы 2 күнде бітірген. Сондай-ақ, бүгін дизайнерлер көпшілік алдында сәнді көйлектер жасап жарысты. Ал, көрермендерге арнайы шоу бағдарламалар ұйымдастырылған. Халықаралық аэродизайнерлер Ресей, Германия, Австралия сынды елдерден фестивальге арнайы келген.
Диана Позднякова, ұйымдастырушы:
-Фестивальді мұндай ашық форматта біз бірінші рет өткізіп отырмыз. Көрермендерге үрлемелі шардан жасалған керемет туындыларды көрсеткіміз келді. Енді фестивальді жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастыратын боламыз.
Loading...