Алматыда шетелдік маман науқастарға жаңа әдіспен ота жасауда

Қазір ота үстелінде орта жастағы екі алматылық азаматқа жаңа инновациялық әдіс - тоннелді перманентті түтікше орнатылу үстінде. Күрделі операцияға отандық кардиохирургтер мен орталық дәрігерлері атсалысуда.

Мамандардың мәлімдеуінше, елімізде бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын науқастардың көпшілігі гемодиализ процесінен өтуде. Жасанды қан тазалау  аппаратына таңылған жандардың 10-15 пайызы осындай жаңа технологияға мұқтаж.

Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының трансплантология бөлімінің меңгерушісі Әкімжан Зайналовтың айтуынша, АҚШ-та жасалған бұл катетер науқастың денесінде бір жыл бойы қызмет етіп, оның өмірін біршама жеңілдетер еді.


«Бұл катетер жүректің оң қабатына салынады. Ол өнім біздің Қазақстан тізілімінде тіркелген. Бүгін бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын 2 науқастың жүрегіне осындай катетер орнатпақпыз. Егер, бұл тәсіл өз тиімділігін көрсетсе, біз оны Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне енгізуді қолымызға аламыз», - деді Әкімжан Зайналов.