Халықаралық форумға Халықаралық валюта қоры, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Халықаралық есеп банкі, Әлемдік банк, Ислам даму банкі, Азия даму банкі сынды қаржылық институттардың өкілдері, Австрия, Бельгия, Қытай, ТМД елдерінен Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның орталық және ұлттық банктерінің өкілдері қатысуда.
Бас қосуға республика үкімет басшысының кеңесшілері, қаржы, экономика және бюджетті жоспарлау министрлері, индустрия және сауда министрінің орынбасары, мемлекеттік қаржылық қадағалау мекемесі мен ҚР қаржыгерлері қауымдастығының өкілдері қатысуда.
Бас қосудың сессиялары барысында экономикалық жоғары өсіммен ілесе жүретін қиындықтар мен әлемдік тәжірибенің негізінде оларды шешу жолдары қарастырылады.