Алматыда шетелдік студенттердің халықаралық фестивалі өтеді

Шараның мақсаты - білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту, еліміздің жоғары оқу орындарына шетелдік студенттерді оқуға тарту болмақ.

Фестиваль бағдарламасы бойынша шетелдік студенттер "Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері мен ән-күйлері" тақырыбында мерекелік концерт ұйымдастырылады. Концерт барысында мүшелік билеттерді табыс ету рәсімі өтеді.
Шараға елшіліктер, СІМ мен көші-қон полициясының, және басқа да ұйымдардың өкілдері шақырылған.
ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығының жанындағы шетелдік студенттер ісі жөніндегі ұйымының (КОСТИН) мәліметі бойынша, өткен жылы еліміздегі шетелдік студенттер саны 8700 адамды құраған. Олардың 7 мыңы аккредитациялы жоғары оқу орындарында оқиды.