Алматыда шетелдік жезөкшелер жұмыс істеген притон әшкере болды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

"Олар боди-массаж жасайтындары туралы хабарлама жасаған. Сырттан қарағанда қарапайым үш сатылы тұрғын үй, ал ішінде жеке кушеткалары бар, сауна, бассейн басқа да тематикалық бөлмелер болған. Карантин күндері қызметкерлер сақ болған: тек тексерістен өткен клиенттерді кіргізген. Жұмыс қызу жүрген. Жалпы 12 адам ұсталды: үшеуі Моңғолиядан келген, біреуі Тәжікстаннан, тағы біреуі Өзбекстаннан қалғаны еліміздің басқа облыстарынан келген. Аталған мекеменің қызметкерлері сол жетде, мини-жатақханада тұрады", - дейді Алматы қаласы полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Әбілбеков.