Алматыда шілде айында жол полициясы басқармасының 16 қызметкері көліктерді негізсіз тоқтатқаны үшін жауапкершілікке тартылды

"Біз полиция қызметкерлерін бейнекамераны пайдаланып жасырын бақылайтын арнаулы профилактикалық топ құрдық",- деді Б.Айқынбеков.

"Ақпан айынан бері 67 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Олардың кейбіреуі біздің қызметтердің тексеру қорытындысы бойынша ішкі істер мекемесінен жұмыстан кететіндігі туралы рапорт жазды",- деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті