Алматыда шинкиокушинкай каратэден Еуразияның ашық чемпионаты өтеді


Оған Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Грузия, Польша сияқты әлемнің 10 елінен 200-ден астам спортшы қатыспақ. Олардың арасында қазақстандықтардан 2009, 2011 жылдарғы Әлем кубогының иегері Мария Гриднева, 2009 жылғы Әлем кубогының жеңімпазы Дмитрий Моисеев, 2005, 2009 жылдарғы Әлем кубогының күміс жүлдегері Алексей Леонов, шетелдік каратэшілерден 1996, 2011 жылдарғы Әлемнің абсолютті чемпионы жапониялық Норичика Цукамото, 2009 жылғы Әлем кубогының иегері ресейлік Роман Нестеренко және 2011 жылғы Еуропа чемпионы грузиялық Леван Цинцадзе бар.