Мекеме ақпаратына сәйкес, апат кеше 21 сағат 24 минутта қаланың Медеу ауданында "Асыл Кент Құрылыс" ЖШС салып жатқан "Самал делюкс" атты құрылыс нысанында шыққан. "ТГ-80" маркалы шығыран екі қабатты тұрғын үйдің аумағына құлаған. Соның салдарынан электр жалғастыру желісі мен жылу құбыры бүлініп, Достық даңғылының бойындағы үш үй жарықсыз қалды.
Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Оқыс оқиға орнында апаттық қызметтер жұмыс істеуде.