Табиғи бояумен салынған суреттерде Ежелгі Шығыс елдеріндегі соғыс кезі бейнеленіпті. Ал, мүсіндер негізінен сол кезде сыйынған құдайларының кескіні. Ауқатты адамдардың киген киімі, әскерлердің қару-жарақтары да осы кезге дейін қаз қалпында сақталған. Ұйымдастырушылар көрмеге арнайы алуан түрлі өсімдіктер және құстардың бейнесімен оюланған жәдігерлерді таңдап алға екен. Олардың ең құндысы 16-шы ғасырда Қытайда жасалған сурет. Жібек матаның бетіне өсімдік бояуларымен салынған ораманың ұзындығы 13 метрден асады.
Мария Копелиович, көрме жетекшісі:
- Көрмеге аңызбен байланысты туындыларды таңдап алдық. Бәрі де мүсіншілер мен суретшілердің жеке коллекцияларынан алынған. Бұл келушілерді қызықтырары сөзсіз. Көрме қытай, жапон және үнді елдерінің ежелгі аңыздарымен таныстырады.
Loading...