Дәстүрге айналған «Би фантазиясы» республикалық фестивалінің ұйымдастырушысы - Фитнес Аэробика қауымдастығы.
Байқауға Орал, Шымкент, Қарағанды, Астана, Алматы және Қазақстанның басқа да облыстары мен жақын шетелдің әр қалаларынан әуесқой және кәсіпқой шығыс биін билеуші бишілер қатысады.
«Осымен бірнеше жыл фестиваль шығыс биі мен шығыс мәдениетін ұнататын ортақ жандардың басын біріктіруде. Байқау әуесқой бишілер мен би өнерінің қыр-сырын жаңадан меңгерушілерге өз кәсіби деңгейін көтеруге ықпал етумен қатар, өзінің шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік беру мақсатында өткізіліп келеді», - дейді Фитнес Аэробика қауымдастығының бас директоры Елена Осадчая.
Оның айтуынша, шараның құрметті қонақтары ретінде Египет пен Сириядан танымал биші, педагог - хореограф, Nour араб биінің қоюшы Татьяна Федяева мен әнші композитор, Халықаралық әртістер қауымдастығының президенті Яссер аль Сувейри арнайы шақырылған.
Байқауға танымал бишілер мен араб биінің хореографтары, әншілер мен музыканттар қазылық жасайтын болады. Чемпионаттың жеңімпаздары медальдармен, грамота, кубоктармен қатар, бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Шара аясында шеберлік сыныптар ұйымдастырылмақ.
Чемпионаттың жабылу салтанаты шығыс биін орындаушы қонақтардың гала-концертімен аяқталады.