Алматыда ШЫҰ-на мүше мемлекеттер Бас прокурорларының тоғызыншы отырысы өтуде

Жиынға Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан қадағалау органдарының басшылары қатысуда.

Басқосуда терроризм мен экстремизмді қаржыландыру көздерінің бірі - есірткі заттары мен қару-жарақтың контрабандасына, адам саудасына қарсы әрекет ету, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді шыққан еліне қайтару мәселелері бойынша өзара әрекеттесу талқылануда.