Алматыда соғыс ардагерін соққыға жыққан жігіт ұсталды

Өткен аптаның сейсенбі күні алматылық жігіт соғыс ардагерін тапа-тал түсте өз үйінің алдында төпелеп ұрған еді. Ондағы мақсаты қарияның қолындағы сөмкесін тартып алмақ болған. Жайшылықпен бере қоймаған соң, жас жігіт жұдырықтың көмегіне жүгінеді. Бұл оқиғаның бәрі есік алдындағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жапа шеккендердің жазған арызы бойынша полиция бұзақы жігітті қолға түсірді. Ал түр-тұлғасын анықтауға 89 жастағы қария мен оның қызы көмектесіпті. Қазір ол тергеу абақтысына қамалып, басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД баспасөз хатшысы:

-Қазіргі таңда ұсталған азамат толығымен өз кінәсін мойындауда. Оның істеген іс-әрекетінің басты мақсаты алдын-ала тергеу барысында әлде де анықталатын болады. 

Loading...