Жеңіс күні қарсаңында өткен мерекелік шараға 20-ға жуық ардагер жиналды. Өкінішке қарай, соғыс куәгерлерінің көпшілігі денсаулық жағдайына байланысты үйінен шыға алмай отыр екен. Сондай-ақ, кеште жауынгерлік даңқты ұлықтау мақсатында ұйымдастырылған мұражайлар байқауының жеңімпаздары марапатталды. Оған ұлттық университеттер мен орта арнаулы оқу орындары және мектептерден жалпы саны 36 мұражай қатысқан болатын. Мерекелік кеште байқау жеңімпаздары ардагерлердің қолынан жүлделерін алды.
Рүстем Қайдаров, «Генералдар кеңесі» республикалық бірлестігінің төрағасы:
-Биылғы жылы өте керемет. Сол музейлерде студенттер, колледж, мектеп оқушылары соғысқа қатысқан ардагерлермен кездесіп, бабаларының батырлығын, аталарының батырлығын көріп...
Loading...