Конференцияны Солтүстік Атлантикалық Альянстың трансформация жөніндегі стратегиялық қолбасшылығы өткізіп отыр. Оған Солтүстік Атлантикалық Альянсқа мүше елдер, әріптес-мемлекеттер, түрлі штабтар мен Альянстың әскери оқу орындарының 60 өкілі қатысуда.
Конференция Солтүстік Атлантикалық Альянстың трансформация жөніндегі стратегиялық қолбасшылығының дәрістері мен бағдарламаларын жасауға қатысты ұсыныстар мен 2004-жылғы Стамбұл саммитінің шешімдерін жүзеге асыру мақсатында "Бейбітшілік үшінгі әріптестік" бағдарламасын дамыту перспективалары талқыланады.
Форумда ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Болат Сембинов баяндама жасайды.