Алматыда сот очерктері туралы байқаудың қорытындысы жарияланды

Қазақстан соттары одағының төрағасы Владимир Борисовтың айтуынша, сайысқа үміткерлерден жыл басынан 20 маусымға дейін 63 газет және 1 телевидение материалы келіп түскен. Онда 5 адамнан тұратын қазылар алқасы материалдары сот очеркі жарының негізгі белгілерінің сақталуы, сот өндірісіндегі құқық мәселелерінен автордың хабардарлығы, шығармашылық шеберлігінің деңгейі өлшемдері бойынша сараптады.

"Байқау қорытындысы бойынша, көпшілік дауыспен 1 орын "Время" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі Галина Выборноваға берілді. 2-3 орынды "Заң" газетінің тілшісі Шолпан Қараева мен Атырау қаласының "Мұнайлы Астана" газетінің тілшісі Смадияр Құттыгерей иеленді. Сондай-ақ Шымкент қаласындағы "Ока" газетінен Татьяна Корецкая, Теміртау қаласынан "Теміртау жұмысшысы" газетінен Елена Кулакова", Ақтөбе қаласынан "Ақтөбе Таймс" газетінен Юлия Минина ынталандыру сыйлығына лайық деп табылды", - дейді қазылар алқасының мүшесі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, филология ғылымының кандидаты Рахиля Қарымсақова.