Алматыда сот төрағасы пара алды деп күдіктелуде

Бұл туралы ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесіп Алматы қаласының Бостандық аудандық сотының төрағасы пара алды деген күдікпен ұсталды. Ол делдал – сот отырысының хатшысы арқылы борышкер азаматтан Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуына санкция бергені үшін айтарлықтай мөлшерде пара алды деп күдіктеліп отыр», - делінген хабарламада.