Алматыда спортшылар төбелесіп соңы атысқа ұласты

Бұл видеоларды куәгерлер түсіріп алған. Әбден соққы жеген спортшының жанкүйерлері шыдамай, жұдырықтап жатқан жігітке жабыла кетті. Содан кейін екіншісінің де жақтастары көтеріліп, жаппай төбелеске ұласқан. Тіпті, тапаншадан үш рет оқ жаудырылды. Бірақ ол ауаға атылып, ешкім зардап шеккен жоқ. Куәгерлердің айтуынша, жанжал реферидің кездесуді уақытылы аяқтамауынан шыққан. Бұл қырғынның Гагарин көшесіндегі спорт залында болғаны мәлім.

Анатолий Ким, Қазақстан аралас жекпе-жектер федерациясының президенті:


- Бұл біздің спортшыларымыз емес. Бірақ, біз ұйымдастырған спорт байқауларына қатысқан болуы мүмкін. Себебі, жарысқа қатысушылар түрлі аймақтардан келеді. Егер бұл спортшылардың федерацияға қатысы болса, оларды бірден тізімнен шығаратын едік.

Loading...