Алматыда спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатта өрт шықты

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт бірінші қабаттағы саунадан шыққан. Жалын 18 сағат 10 минутта сөндірілді.

Өртті сөндіруге Алматы қаласы ТЖД жеке құрамының 40 адамы және 10 бірлік техникасы жұмлдырылды. Өрттің аумағы 15 шаршыметрді шарпыды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.