Алматыда статистика департаментінің ғимараты өртенді


40 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Алматы қаласының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 14 техникасы мен жеке құрамның 50 адамы жұмылдырылды. 15 шаршы метр аумақ отқа оранды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.