Алматыда стриптиз билейтін қыз ерлі-зайыптылармен жыныстық қатынаспен айналысқаны туралы айтты

"КАРАВАН" газетінің тілшісі Екатерина Первушина осындай жалаңаш биші болып жұмыс істеп көрді. Оны да бір клиент жеке бөлмеге шақырыпты. 

"Биімді көргеннен кейін клиент менің Вера Брежневаға ұқсайтынымды айтты да, телефонымның нөмірін сұрады. Әрине, мен бермедім. Кейін қыздар мұнымды түсінбей қалды. Олардың айтуынша, әлгі кісі қалтасы қалың, өте жақсы адам екен" деп жазады журналист. 

Тілшінің айтуынша, стриптиз-клубқа табыс негізінен тән саудасынан түседі екен.

"Қыз құнының клиентпен арадағы келісімге байланысты өзгеріп отыратынын кейінірек білдім. Клуб қожайындары одан 200 доллар ұстап қалады (Айтқандай, бізде жұмысқа келмей қалғаның үшін сондай көлемде айыппұл салатын)" дейді стриптизші болып істеп көрген журналист. 

Ол осы жұмыс барысындағы бір сорақы жағдай туралы да әңгімелейді.


"Бойы ұзын, әдемі, сары шашты, томпақ ерін, қыпша бел, дәу кеуделі Юляны 12 сағатқа "сатып алды". Ол клубқа ертеңіне кешке бір-ақ келіп, 200 долларын берді де, сұранып кетті. Кейін Юля клиенттің өзімен және оның әйелімен жыныстық қатынасқа түскенін айтты. Үшеуі виски іше отырып, әлдебір белгісіз ұнтақты иіскеген. Бұдан Юляның жағдайы нашарлағаны сонша, өз-өзіне бірнеше күнде әрең келіпті" деп баяндаған журналист.