Алматыда студент оқытушыны балағаттап, өміріне қауіп төндірген


Ер адам мен оқудан шығып кетуі мүмкін әйелі мен қарындасы үшін оқытушының өміріне қауіп төндірмекші болған. Қорқып қалған мұғалім онымен ерегеске бармай, бірден полицияға шағым түсіреді.

Мұғалім сабаққа келмей, университет ережесіне қайшы әрекет жасаған екі студенттің тәртіптеріне көңілі толмаған. Алматы қалалық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, аталған жағдай бойынша тексеру жүріп жатыр.