Алматыда студенттері Наурызды тойлап жатқан өнер академиясынан өрт шықты

Наурыз мерекесін ауқымды түрде атап өтпек болған академия басшылығы оқу орнының аумағына киіз үй тігіп, алтыбақан орнатыпты. Тіпті студенттер  бүгін сабақтан босатылған екен. Бірақ тойдың шырқын аяқ астынан шыққан тілсіз жау бұзды. 4-ші қабатта орналасқан Кинорежиссура факультетінің төбесінде тұтанған өрт тез таралып кеткен. Оқиға орнына келіп жеткен мамандар қауіпсіз аймаққа 250 адамды шығарды. Ал тілсіз жауды ауыздықтау үшін 3 сағат қажет болды. Болжам бойынша, өрт электр сымдарының тұйықталуынан шыққан. Ал мамандар қауіп барын жоғары оқу орнының басшылығына ескерткен едік дейді.

Нұрбек Қожахмет, Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметінің маманы:

Қаңтар айының 26-шы  жұлдызында аталған нысан өрт қауіпсіздігі ережесі бойынша тексерістен өткен болатын. Ғимараттағы заң бұзушылықтарға қатысты шаруашылық жөніндегі проректорге айыппұл салынған. 

Loading...