Алты күнге созылатын бұл дүбірлі доданы жарыс қожайындары сәтсіз бастады. Олар АҚШ құрамасына алғашқы ойында 11:8 (4:3, 4:2, 2:0, 1:3) есебімен есе жіберді. Ал итальяндықтар қытайлықтарды (10:9), хорватиялықтар австралиялықтарды (14:11) ұтса, бразилиялықтар испаниялықтардан (3:8) жеңіліс тапты. Бүгін АҚШ пен Қытай, Хорватия мен Испания, Бразилия пен Австралия, Италия мен Қазақстан құрамалары өзара жұп құрайды. Ал ертең топтық кезеңнің соңғы кездесуін хорваттар - бразиялық, австралиялықтар - испандық, қытайлар қазақстандық спортшылармен өткізеді.