Апат 3-қараша күні 11 сағат 44 минутта қаланың Әуезов ауданында, Саин және Төле би көшелерінің қиылысында болған. Ыстық су қамтамасыздығына арналған 800 мм-лік 6-шы магистраль жарылған.
Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мәліметі бойынша, 4-қараша күні 23 сағат 19 минутта апатқа "АПК" АҚ-ның күштері тосқауыл қойды.