Алматыда субұрқақтар іске қосылды


Әдетте қаладағы субұрқақтар жылда 1-ші мамыр күні іске қосылады. Бүгін олар Тұңғыш Президент саябағында, қалалық әкімдікте, сондай-ақ, Абай атындағы опера және балет театрында бұрқақтады. Мереке күні серуендеп шыққан алматылықтар бір-біріне су шашып, суретке түсіп, көңіл көтерді. Бір айта кетерлігі, қаладағы 130-ға жуық су бұрқақтың бүгін тек 10-ы қосылды. Қалғаны айдың аяғна дейін іске қосылмақ.