Кешкі тоғыздар шамасында Алмалы ауданынан полициядағы кейбір деректер бойынша қылмыстық топ мүшесі болуы мүмкін деген екі ер адам ұсталды.
Олардың бірі бұрын адам ұрлағаны, бопсалағаны, жүгенсіздік танытқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Екіншісі де топпен қарақшылыққа барғаны, бұзақылық және адам денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін түзеу мекемелерінде жазасын өтеген.
Алмалы ауданының ішкі істер басқармасы жедел тергеу тобы тапаншаларды тәркілеп, қылмыстық іс материалына тіркеді, деп ІІД жол-патрульдік полиция полкінің командирі Айтжан Әлмұханбетов атап көрсетті.