Алмагүл Меңлібаева - елімізде сұранысқа ие бүгінгі заманғы суретшілердің бірі. Ол көптеген ірі ұлтаралық көрмелерге белсенді қатысады. Атап айтқанда, Италия, Норвегия, АҚШ, Германия, Австралия және Мексикадағы көрмелерге қатысты. Қазіргі уақытта оның жұмыстары «XXI-ғасыр: Бірінші онкүндіктің өнері» атты ұлттық австралиялық Квинсленд көркем галереясына қойылған. Суретші биылғы жылы Сауд Арабиясындағы Шардж көрмесіне қатыспақ. Сонымен қатар, дәл осы уақыттары оның жеке көрмесі Нью-йорк қаласының Priska C. Juschka Fine Art галереясында өтпек. Бүгінде оның жұмыстары әлемнің көптеген мұражайларында қойылған, сонымен қатар оның туындылары шетелдік және отандық жеке коллекционерлердің қолында. Қазір «Тарлан» және «Дарын» сыйлықтарының иегері Берлин мен Амстердам қалаларында тұрып, жұмыс істейді. «Қандай елде жүрсем де туған жерімді, Алматыны ұмытпаймын», - дейді суретші.
Өнертанушылардың айтуынша, оның шығармашылығында орталықазиялық тақырып басым, ежелгі көшпенділер мәдениетінің дәстүрі көрініс табады.