Алматыда таэквондодан жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтіп жатыр

Оны ұйымдастырған "Нұр Отан" ХДП "Жас Отан" жастар қанаты, "Заңғар" шығармашылық бірлестігі. Бұл шараға Алматы әкімшілігі, қалалық таэквондо федерациясы, "Тарнадо" таэквондо спорт клубы, Қазақ қатынас жолдар университеті мен " Қаламгер азамат" жас журналистер қоғамдық қоры қолдау көрсетіп отыр.

"Оқушылар сарайының спорт кешенінде өтіп жатқан бұл байрақты бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен командалар келді. 7 мен 17 жас аралығындағы 250 спортшы онда жас ерекшелігі бойынша 5 топқа бөлініп, өзара күш сынасуда. 6-7 салмақ дәрежесі бойынша өтіп жатқан бұл турнирдің ақтық сайыстары 26 қараша күні өтеді", дейді "Алаш айнасы" газеті спорт бөлімінің редакторы Нұрғазы Сасаев.