Жалын дәл осы жапсарласа орналасқан ғимараттардан шығыпты. Онда шатырға дәнеркерлеу жұмыстары жүргізіліп жатқан екен. Сол сәтте тоқтан ақау кеткен. Бірақ мұны не кафе, не дүкен қойжайындары да жасырып айтар емес. Ал таңда басталған жалын лезде күш алып, әп-сәтте 400 метрдей аумаққа таралған. Қайта өрт сөндірушілер дәмханадағы газ баллондарды сыртқа шығарып үлгеріпті. Бірақ мүлікі бүлінгендер құтқарушылар кеш жетті деп ренжулі. Баян Табынбаева өртенген дүкеннің бірінің иесі. Саудагер келіншек шамамен 10 млн. теңгенің шығынын көргенін айтып, зар еңгіреп отыр. Енді апатқа нақты не себеп болғаны арнайы комиссияның тексеруінен кейін белгілі болмақ.
Баян Табынбаева, дүкен иесі:
- Дүкенде бірнеше тауар бөлімі бар еді. Сөмке, аяқ киім, тұрмыстық тауарларға дейін сататын. Бәрі кетті. Енді қарызға белшемнен баттым. Өрт қызметі де дер кезінде жеткенде, заттарымның біразын сақтап қалар ма едім.