Дәлірек, мұндағы «Алатау» базарының бірқатар саудалық орындары өртке оранған.
Қазіргі сәтте, оқиға орнына өрт сөндіру қызметі мен шұғыл көмек бригадалары келіп жеткен.
Базар қызметкерлерінің айтуынша, өрт шамамен бүгін таңғы сағат 8:00 басталған.
Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті әзірге қандай да бір түсініктеме беруден бас тартуда.