Қалалық құтқару қызметінің баспасөз орталығынан хабарлағанындай, Алматыда жер асты дүмпуінің қуаты 2-3 балл болды. Жер сілкінісінің ошағы қаладан оңтүстік-шығысқа қарай 260 шақырым жерде ҚХР мен Қырғызстан шекарасында тіркелді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін 5 сағат 39 минутта Алматыда қуаты 4,5 баллдық жер асты дүмпулері сезілген болатын.