Алматыда тағы да жер сілкінісі тіркелді

Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі таратты.

Жер асты дүмпуі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 564 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында 10 шақырым тереңдіктен тарады.

Зілзаланың энергетикалық класы - 12.0.


Жер сілкінісінен бөлінетін сейсмикалық толқындардың магнитудасы MPV - 5.7. 

Жер сілкінісінің сезілгендігі туралы мәлімет жоқ.