Айнұр Қажыбаева, жәбірленуші:
- Сіңілімнің басына есік құлап кетті, балаларымның да есі шығып кетіпті. Кешеден бері міне вокзалда жатырмыз. Жолдан да қалдық. Қалымызды сұрап келген тірі жан жоқ. Не билет шығынын өттеп берейік деп бекет басшылығы да жолықпады. Не деген сұмдық бұл ?!
Электровоз жолаушылар пойызын жалғап, Алматы-Қарағанды бағытына шығуы тиіс болған екен. Прокуратура Қызметкерлері қытай локомативінің тежеуіші істен шығуы мүмкін деп тұспалдап отыр. Апат салдарынан 8 адам жарақат алып, пойыз 53 минутқа кешеуілдеді. Жәбірленушілердің сөзіне сенсек, жолаушылардың дені жолынан қалған. Айта кету керек, осыдан 2 апта бұрын ғана Алматы-2 вокзалында да пойыз апаты болған еді. Онда қос отарба бір жолға шығып кетіп, 25 адам жарақаттанған. Ал бүгінгі оқиға бойынша көлік прокуратурасы қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын бастап кетті.
Дархан Қапас, Жетісу көлік прокуратурасы прокурорының орынбасары:
- Мына пойыздардың қақтығысуына ол осы мына электровозды жолаушылар пойызына қосу барысында болды. Тепловоздың тежеуішінің дұрыс істемеуінен деп болжап отырмыз.